Архат ауылдық округіне қарасты «Амангелді» ШҚ «Жәнібек» қыстағы, «Нұрбол» ШҚ «Қопа» қыстағы, «Жиеншора» ШҚ «Шоқпартас» қыстағы, «Қабанбай» ШҚ «Ақбастау» қыстағы, «Сертек» ШҚ «Сертек» қыстағы, «Тоқа» ШҚ «Тоқа» қыстағы ВЛ-10 В Л-1 ПС-35/10 кВ Жаңанұр электр желісіне қосу нысанының құрылыс жұмыстары аяқталды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нысанды электр желісіне қосу жұмыстары жүруде. Мердігер - «Магнитон» ЖШС .
Тоқтамыс ауылдық округіндегі 2 шаруа қожалығына электр желісін қосу нысанының құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды электр желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер -«AGM Servise» ЖШС .
Абай ауданының шаруа қожалықтары электр желісіне қосылды





