Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Образование 1 942 қаралымabaidan.kz

Облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP» шахмат турнирі өтті

Облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP» шахмат турнирі өтті

Семей қаласындағы «№21 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP» шахматтан турнирі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы Білім басқарамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирді Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК, Семей қаласындағы «№21 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ұйымдастырып өткізді.

Облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP» шахмат турнирі өтті

Облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP» шахмат турниріне Абай, Ақсуат,  Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма аудандары мен Семей қаласының №5, 21, 49 мектептері және Абай атындағы мамандырылған мектеп гимназия интернатының «Жас сарбаз» сыныптары мен әскери-патриоттық клубтарынан 8 ұл,9 қыз бала қатысты. 

Облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP» шахмат турнирі өтті

«Дарындылықпен  қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының  психологтары психологиялық жаттығулар өткізді.

Турнир қортындысы бойынша

Қыздар арасында:

I-орын Турсынбаева Дана № 49 ЖОББМ Семей қаласы

II-орын Нұржанқызы Шырын Аягөз ауданы

III-орын Радке Радмира Бородулиха ауданы

Ұлдар арасында:

I-орын Глухов Никита Бородулиха ауданы

II-орын Шералы Сұлтан №21 ЖОББМ Семей қаласы

III-орын Жумабек ӘліжанСемейқаласы Шәкәрім атындағы көп бейінді №5 гимназиясы оқушылары иеленді.

Облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP» шахмат турнирі өтті

Бородулиха ауданының командасыАбай облысы бойынша ҚР  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі департаментінің «Үздік команда» кубогымен марапатталды.