Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Здравоохранение 928 қаралымabaidan.kz

Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Бесқарағай ауданында тағы бір маңызды әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді. Жетіжар ауылында заманауи талаптарға сай салынған жаңа медициналық пункт өз жұмысын бастады. Ауылда 600-ден астам тұрғын тұрады. Жаңа нысан ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сапалы әрі қолжетімді түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Медициналық нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында салынды. Бағдарлама шеңберінде аудан бойынша 11 медициналық нысан  бой көтерді.

Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Медициналық пунктте тұрғындарды қабылдау, алғашқы тексеру мен жеңіл медициналық қызмет көрсетуге арналған қажетті кабинеттер қарастырылған. Нысан ауылдағы медициналық қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған. Жаңа ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда нейбулайзер, электрокардиограф, дефибриллятор, магнитотерапия аппараты, спирометр және жоғарғы тыныс алу жолдарын емдеуге арналған ультракүлгін құрылғылар орнатылған.

Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбаев қатысып, ауыл тұрғындарын медициналық пункттің ашылуымен құттықтап, нысанның халық денсаулығын жақсартудағы маңызын атап өтті.