Жаңасемей ауданына қарасты Шаған ауылының маңындағы Ертіс өзеніне 128 мың сібір бекіресінің шабақтары жіберілді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен жүзеге асты.
Бұл акция Ертістегі бағалы балық түрі – Сібір бекіресінің популяциясын қалпына келтіруге бағытталған. Сонымен қатар, бұндай іс-шаралар аймақтағы биологиялық әртүрлілікті сақтауға ықпал етеді.
Қыркүйек айында Жаңасемей ауданындағы Шүлбі су қоймасына да 83 мың сазан жіберілді. Сонымен қатар, «Oilfish» ЖШС және «БШ ҒЗИ» ЖШС-нің бастамасымен қыркүйек айында Крупская ауылында жергілікті су қоймаларын бекіре тұқымдас балықтармен қорландыру акциясы өтті. Осы акция барысында Ертіске орташа салмағы 12 грамм болатын бекіре тұқымдас балықтар жіберілді.
Ертіс өзеніне Сібір бекірелерінің шабақтары жіберілді

Ұқсас жаңалықтар

Республикалық маңызы бар тас жолдарда талапқа сай келмейтін жол белгілері ауыстырылды

Облыс аудандарында су тасқынынан кейінгі жолдар қалпына келтірілуде

Семейде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде

