Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Экономика 509 қаралымabaidan.kz

Қарағайлыдағы құрылыс қарқыны: 712 пәтер тамызда тапсырылмақ

Қарағайлыдағы құрылыс қарқыны: 712 пәтер тамызда тапсырылмақ

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің жұмысымен танысты.

Қарағайлыдағы құрылыс қарқыны: 712 пәтер тамызда тапсырылмақ

 Қазіргі таңда аталған ықшам ауданда 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар 2024 жылдың шілде айында басталған. Нысандарды пайдалануға беру осы жылдың тамыз айының соңына жоспарланған. Жоба аясында жалпы аумағы 67 926 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер бой көтеруде. Оның ішінде пәтерлердің жалпы аумағы 51 090 шаршы метр. Барлығы 712 пәтердің құрылысы жүргізілуде. 

Қарағайлыдағы құрылыс қарқыны: 712 пәтер тамызда тапсырылмақ

Қазір құрылыс алаңында ғимараттардың қаңқасы толық тұрғызылған. Мердігерлер әрлеу жұмыстарын жүргізіп, ішкі инженерлік желілерді тартумен айналысуда. Атап айтқанда, электрмонтаждау, сантехникалық және қасбеттік жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. 

Қарағайлыдағы құрылыс қарқыны: 712 пәтер тамызда тапсырылмақ

Облыс әкімі тиісті сала басшыларына құрылыс сапасы мен мерзімінің қатаң бақылауда болуын тапсырды.

«Халықты баспанамен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Сондықтан құрылыс жұмыстары сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы керек. Тезірек пайдалануға беріңіздер. Қаншама күтіп отырған халық бар», – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, тұрғын үйлер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аймақ басшысы 29 тұрғын үйдің құрылыс барысын да көрді. Қазіргі таңда жалпы аумағы 22 500 шаршы метрді құрайтын, 414 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Жобаны биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.