Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті және қатысу кезеңі кеңейтіліп, жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар қатысуға мүмкіндік алды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылы Абай облысында 896 адам аталған жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылды.
Жобаға қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша жұмыс берушілерге субсидиялар төленеді.
Субсидиялар мөлшері:
- жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70% - ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);
- жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65% - ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);
- жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60% - ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.
Ағымдағы жылы «Күміс жас» жобасы аясында 972 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Жобаға қатысу үшін жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша Мансап орталықтарына жүгінуге немесе
- электрондық еңбек биржасы порталы арқылы өтінім берулері қажет.





