Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 1 467 қаралымabaidan.kz

Абай облысы ТЖД автопаркі жаңа техникалармен толықты

Абай облысы ТЖД автопаркі жаңа техникалармен толықты

Азаматтық қорғау саласын материалдық-техникалық тұрғыдан нығайту мақсатында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі 5 заманауи өрт сөндіру техникасымен толықты, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.         

Абай облысы ТЖД автопаркі жаңа техникалармен толықты

3 өтімділігі жоғары КАМАЗ базасындағы АЦ-5-40 өрт сөндіру автоцистернасы 2 өтімділігі жоғары КАМАЗ базасындағы сорғы-жең өрт сөндіру автомобилі (СЖА). Өрт сөндіру автоцистернасы өрт сөндіру сорғысымен, арнайы сыйымдылықтармен жабдықталған және жеке құрамды, техника мен өрт сөндіру заттарын өрт орнына жеткізуге арналған.

Абай облысы ТЖД автопаркі жаңа техникалармен толықты

Сорғы-жең өрт сөндіру автомобилі (СЖА) – ірі өрттерді сөндіру кезінде аса қажет техника. Ол жеке құрамды және құралдарды өрт орнына жеткізіп қана қоймай, 2 шақырым қашықтыққа дейін су беруді қамтамасыз етіп, резервтік су қорын құруға мүмкіндік береді.