Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 1 783 қаралымabaidan.kz

Абай облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті

Абай облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті

Бүгін еліміздің маңызды мерекелерінің бірі – Республика күні. Осыған орай Семей қаласының көпір асты кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті. Бұл күннің барша қазақстандықтар үшін алатын орны ерекше, өйткені ол ұлттың тәуелсіздігін, егемендігі мен тұтастығын білдіреді. Бұл күн отандастарымызға егемендік жолындағы қиындықтар мен кедергілер, Тәуелсіздіктен күні бүгінге дейінгі жетістіктерімізді еске салады.

Абай облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті

Салтанатты шараға 300-ден аса адам қатысты. Олардың қатарында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыстық басқарма басшылары, саяси партиялар өкілдері, депутаттар, күштік құрылым қызметкерлері, қоғам белсенділері, жастар және тұрғындар бар.

Абай облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті

Көк байрағымыз мемлекеттік Әнұранымыз шырқалуымен көтерілді.  

Абай облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті

Айта кету керек, Республика күніне орай Абай облысында 100-ден астам іс-шара өтіп жатыр.

Абай облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті