Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 559 қаралымabaidan.kz

Әскери қызметшілер – қайырымдылық үлгісі

Әскери қызметшілер – қайырымдылық үлгісі

Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай Абай гарнизонындағы 44293 әскери бөлімінің жеке құрамы игі іске атсалысты,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасар. Әскери қызметшілер Семей қаласындағы қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды.

Әскери қызметшілер – қайырымдылық үлгісі

​Бұл шараның басты мақсаты – қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық мәдениетін насихаттау. Әскери қызметшілер өздерінің азаматтық жауапкершілігін сезіне отырып, мұқтаж адамдардың өмірін сақтап қалуға үлес қосуды парыз санайды.

Әскери қызметшілер – қайырымдылық үлгісі
Әскери қызметшілер – қайырымдылық үлгісі

Игі шара барысында бөлімнің бірқатар әскери қызметшілері ерікті түрде донор болып, қан тапсырды. Осындай қайырымдылық шаралары әскери қызметшілердің тек ел қауіпсіздігін қорғап қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласып, адамдарға қол ұшын созуға әрдайым дайын екенін көрсетеді.

​Айта кетуіміз керек, Наурызнама аясында ұйымдастырылған бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.