Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 2 315 қаралымabaidan.kz

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың Абай облысының елді мекендерінде сайлаушылармен  кездесулері жалғасуда. 

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда

Депутат Үржар ауданының Мақаншы, Ақшоқы, Қарабұта, Малақ ауылдарында болып, халықпен кездесті. Аудан орталығы Үржар ауылындағы кездесуге де тұрғындар көптеп жиналды.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда

Кездесулерде Н.Сабильянов сайлаушыларға Парламенттің заң шығару қызметі, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы айтты.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда

Сайлаушылар өз кезегінде жайылым жерлер, жолдарды жөндеу, баспана, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, дамуында ерекшелігі бар балаларға көмек көрсету туралы және басқа да мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін алатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімін Үржардан ашу туралы және Ұлттық бірыңғай тестілеуді аудан орталығында тапсырса деген ұсыныстарын жеткізді. Сайлаушылардың қойылған сұрақтарына депутат өз жауабы мен түсіндірмесін берді.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда

Сондай-ақ, кездесулер барысында депутат азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.