Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 2 040 қаралымabaidan.kz

Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген өңірдің әйелдер қауымымен кездесті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шара Семей қаласындағы «№7 орта мектеп лицейінің математика пәнінің мұғалімі, Қазақстанның Еңбек ері Алма Шүкіжановаға Президенттің жолдаған құттықтау хатын табыс етумен басталды. Аймақ басшысы ұлағатты ұстазға Астанадан келген құттықтауды оқып берді. 

Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Кездесуге өңірдің қала-аудандарындағы білім, ғылым, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, құқық қорғау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласының, БАҚ, азаматтық қоғам өкілдері, Президент жанындағы Ұлттық комиссия мүшелері қатысты. Жалпы саны 100-ге жуық нәзік жандылардың басын қосқан салтанатты шарада жұмысшы мамандарына ерекше көңіл бөлінді. 

Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі құттықтау сөзінде әйелдердің отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларда белсенді азаматтық ұстаным танытып жүргенін атап өтті.

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы» екенін үнемі назарда ұстап келе жатқаны баршаға мәлім.
Қазақ даласында әйел затының орны қашанда биік. Бесікті тербеткен, елді жебеген, ердің серігі болған аналарымыз – халқымыздың ұйытқысы, шаңырағымыздың шамшырағы. 
Өңіріміздің өркендеу жолында атқарған адал қызметтеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер» деді облыс әкімі.

Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Салтанатты шарада Қазақстанның Еңбек ері Алма Шүкіжанова, мемлекеттік қызмет ардагері, қоғам қайраткері Нина Рыболовлева, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Риза Молдашева құттықтау сөз сөйлеп, лебіздерін жеткізді. 

Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Облыстық филармония және қалалық мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы жиналғандарға мерекелік бағдарлама ұсынды.

Облыс әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады