Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 1 896 қаралымabaidan.kz

Облыс әкімі саяхатшы блогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті

Облыс әкімі саяхатшы блогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қазақстандық танымал саяхатшы, видеоблогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті.

Дастан Мұхамедрахым – Абай облысының Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылының тумасы. Ол әлемде сирек қолданылатын гиперлапс форматында ерекше бейнероликтер түсіріп, табиғат көріністерін заманауи тәсілмен ұсынып жүр. Оның жұмыстары еліміздің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға зор үлес қосып келеді. Marvel-дің жаңа «Өрмекші адам» трейлерінің тизерін алғашқылардың бірі болып жариялағандардың қатарына енді.

Облыс әкімі саяхатшы блогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті

Жақында Францияның Канна қаласында өткен WIBA Awards 2026 халықаралық марапаттау рәсімінде Дастан Мұхамедрахым «Әлемнің үздік travel-блогері» марапатына ие болды. Ол өз еңбектерінде Қазақстанның табиғи байлығын – асқар тауларын, кең байтақ даласын, қайталанбас ландшафттарын ерекше көркемдікпен бейнелеп, көрерменге шабыт сыйлап келеді.

Облыс әкімі саяхатшы блогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті

Ол алғаш рет еліміздің табиғаты туралы түсірген видеоролигі арқылы кеңінен танылып, әлемге әйгілі болды. Бүгінде оның Instagram әлеуметтік желісіндегі оқырмандарының саны 1,5 миллионнан асады.

Облыс әкімі саяхатшы блогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті

Аймақ басшысы кездесу барысында саяхатшы блогердің шығармашылығын жоғары бағалап, еліміздің, оның ішінде өңіріміздің туристік имиджін қалыптастырудағы еңбегі үшін облыс жұртшылығы атынан алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.