Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 1 620 қаралымabaidan.kz

Облыстық Достық үйінде ҚХА-ның 30 жылдығына орай естелік тақта ашылды

Облыстық Достық үйінде ҚХА-ның 30 жылдығына орай естелік тақта ашылды

Абай облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойының бірқатар маңызды оқиғалармен тұспа-тұс келуінің терең символдық мәні бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл елдегі бейбітшілік, бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтудың маңыздылығын айқындайды.

- Құрметті жерлестер, қадірменді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері! Бүгін – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің өміршеңдігін дәлелдеген бірегей институт, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толған маңызды күн. Осы уақыт ішінде ҚХА-ның арқасында Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен ұлыс бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Бұл – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің, ортақ мақсат жолындағы қажырлы қызметтеріңіздің жемісі. Сіздер бейбітшілік пен достықтың шырағын жағып, қоғамдағы келісім мен татулықты нығайтуға сүбелі үлес қосып келесіздер. Ассамблеяның құрылған күні – көктемнің алғашқы күні, Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келуі де ерекше мәнге ие. Біз бүгін осы айтулы сәтті естелік тақтаның ашылуымен бастап отырмыз, - деді Айдар Садырбаев.

Облыстық Достық үйінде ҚХА-ның 30 жылдығына орай естелік тақта ашылды

Айта кетейік, мұндай іс-шара Қазақстанның барлық өңірлерінде бір мезгілде өтті. Бүгін еліміздің көптеген Достық үйлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай естелік тақтаның салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Облыстық Достық үйінде ҚХА-ның 30 жылдығына орай естелік тақта ашылды

«Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лилия Гончарук алғыс білдіру – адам бойындағы ең терең әрі қуатты сезімдердің бірі екенін атап өтті.

– Алғыс айту – адам баласы сезіне алатын ең қуатты әрі мағыналы сезімдердің бірі. Шынайы алғыс арқылы тек өзіңді ғана емес, айналаңдағы жандарды да бақытты етуге болады. Мен өзімнің және ата-анамның бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері үшін шексіз ризашылығымды білдіремін. Қазақстанға қоныс аударған этностар көрші-қолаңның қамқорлығы мен ізгілігін сезінді. Сол үшін бәріміз алғыс айтамыз. Еліміздегі бейбітшілік, достық пен татулық әрдайым сақталсын! – деп қорытындылады Лилия Гончарук.

Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай естелік тақта салтанатты түрде ашылды.