Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 503 қаралымabaidan.kz

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

Семей қаласында «Этносаралық саладағы медиация» тақырыбында облыстық оқыту семинар-тренингі басталды. Іс-шараны Абай облысының ішкі саясат басқармасы тапсырыспен «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

Семинарға қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен мамандары, этномедиаторлар мен Достық үйлерінің қызметкерлері қатысуда. Екі күндік семинар барысында этносаралық жанжалдардың алдын алу, оларды реттеу, медиативтік тәсілдер мен келіссөз жүргізу жолдары талқыланады.

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов іс-шараға қатысып, этномедиацияның маңыздылығына тоқталды.

– Бүгінгі шарамыздың негізгі өзегі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру. Қатысушылар семинар барысында этносаралық қақтығыстарды реттеу кезінде келіссөз жүргізу мен дауларды сотқа жеткізбей шешудің әдіс-тәсілдерін меңгереді. – деді Арман Жемагулов.

Семинар 2024 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және өз нәтижесін көрсетуде. Биыл семинарға республикалық деңгейдегі тәжірибелі этномедиатор қатысуда.

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

Семинардың сарапшысы – «Парасат» медиаторлар мен заңгерлер қауымдастығы» ҚБ директоры Мұхтар Адаев. Бағдарлама аясында қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық ахуалды талдау, қақтығыстардың алдын алу және тараптармен тиімді коммуникация орнату мәселелері қарастырылуда.

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды
Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды
Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды