Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 597 қаралымabaidan.kz

Семейде Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Семейде Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Ертістің сол жағалауындағы қоғамдық кеңістікте Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Семейде Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
Семейде Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін айшықтайтын Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілу рәсімі өтті. Бұл — Қазақстанның бай тарихын, оның жетістіктері мен жарқын болашағын еске салатын маңызды әрі рухани мәні зор сәт болды.

Семейде Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Көлемі 3х6 метрлік ту Семей қаласының ең биік нүктесіне — биіктігі 90 метр болатын аспалы көпірге орнатылды.

Семейде Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Бұл шара облыс тұрғындарының береке-бірлігін, ортақ күш-жігер мен елжандылықты паш етіп, азаматтардың өз Отанын дамытуға бірге үлес қосуға дайын екенін көрсететін тамаша үлгіге айналды.

Семейде Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

 Семейліктер үшін бұл күн елдік мақтаныш пен бірліктің символына айналды. Республика күні – әр қазақстандықтың жүрегіндегі мақтаныш пен елге деген сүйіспеншіліктің мерекесі.
Семей аспанында желбіреген көк байрақ – бейбіт елдің, біртұтас ұлттың нышаны болып қала бермек.