Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 1 343 қаралымabaidan.kz

Семейдегі аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады

Семейдегі аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады

Семей қаласының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәли «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мамандарымен бірге көлік өткелінде басталған жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Семейдегі аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады

27 мамырдан бастап көпірдегі қозғалыс схемасы өзгеріп, көліктер төрт жолақпен қатынауда. Қазіргі уақытта ескі асфальт алынып жатыр. Бұған дейін бұл нысанда тек ойықтарды жамау жұмыстары атқарылса, енді жүріс бөлігі толық жаңартылады. Жаңа асфальт заманауи стандарттарға сай сапалы материалдан төселеді.

Семейдегі аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады

Асфальтты ауыстыруға 80-ге жуық жұмысшы және 20-дан астам арнайы техника тартылған. Жоба бойынша жөндеу жұмыстары шілде айының басында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Аймақ басшысы мердігерлерге жұмысты сапалы жүргізіп, уақтылы аяқтауды тапсырды. 

Семейдегі аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады

«ТМД-дағы жалғыз, үлкен аспалы көпіріміз 2000 жылы пайдалануға берілген. Сол уақыттан бері асфальт төсемі толық ауыстырылмаған. 25 жыл бойы жамап, жасқап, ой-шұңқырларын бітеп келген. Алғаш рет осындай ауқымды жұмысты қолға алып жатырмыз. Уақытша шектеулерге халық түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Жұмыс барысында заманауи технологиялар қолданылады. Жөндеу жұмыстарын «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мамандары қадағалайды», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы қаланы аралау барысында «Пристань» шағын ауданын дамыту жобасымен танысты.

Семейдегі аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады

Бұл аумақта қуаттылығы 2,7 Гкал болатын ескі жылу қазандығы орналасқан. Қазандық бірнеше тұрғын үй мен бизнес нысандарын жылумен қамтамасыз етіп отыр. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев облыс әкіміне шағын ауданды дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты. Аталған аумақта келешекте көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр.