Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Конституционная реформа 2026 728 қаралымabaidan.kz

Жаңа Конституция жобасы: «Ауыл» партиясы фракциясында кең ауқымды талқылау өтті

Жаңа Конституция жобасы: «Ауыл» партиясы фракциясында кең ауқымды талқылау өтті

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында ҚР Конституциясының жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып, маңызды құжатты ел ішінде белсенді түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды.

Жаңа Конституция жобасы: «Ауыл» партиясы фракциясында кең ауқымды талқылау өтті

Серік Рахметоллаұлы жиналған қауымды ел болашағы үшін маңызды құжаттың басым бағыттарымен таныстырып, ұсынылған Конституция жобасын мұқият зерделеуге және шындыққа сәйкес келмейтін арандатушылық жарияланымдардың ықпалына түспей, тек ресми құжатқа сүйене отырып, сындарлы пікір қалыптастыруға шақырды. 

Жаңа Конституция жобасы: «Ауыл» партиясы фракциясында кең ауқымды талқылау өтті

Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бірпалаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Конституция жобасының жаңа редакциясында преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылды. Онда адам құқықтары мен бостандықтары — мемлекеттің басты басымдығы ретінде анықталып, бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім мемлекеттік құндылық ретінде бекітілді. Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияларды дамыту - мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттары ретінде аталып, цифрлық құқықтарды қорғау мен саяси институттарды қайта құру сияқты жаңа нормалар енгізілді. Бұл өзгерістер елдің құқықтық жүйесін заманауи талаптарға сәйкес нығайтуға бағытталған. 

Жаңа Конституция жобасы: «Ауыл» партиясы фракциясында кең ауқымды талқылау өтті

«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата Заң жобасын бірауыздан қолдап, оның құқықтық мемлекетті нығайту және Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Жаңа Конституция бойынша нақты шешім халық тарапынан жалпыұлттық референдумда қабылданады. Конституциялық комиссияның жұмысы одан әрі жалғасуда.