Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Культура 1 378 қаралымabaidan.kz

“Айналдым елім” ән кеші аншлагпен өтті

“Айналдым елім” ән кеші аншлагпен өтті

Абай атындағы театрда Қазақстанның халық әртісі Майра Ильясованың “Айналдым елім” атты ән кеші өтті. Зал көрерменге лық толды — семейліктердің сүйікті әншісіне деген ықыласы зор, ыстық.

“Айналдым елім” ән кеші аншлагпен өтті

– Шаршап келген халыққа бір сағат болса да жақсы көңіл-күй сыйласақ екен деймін. Аудандарға да жол тартсам деймін — ауыл халқы бізді алыстан емес, жақыннан көрсін. Келем деген жерлестерім үшін есік әрдайым ашық. Абай тойының мәні зор. Елге келіп қызмет ету – біз үшін үлкен мәртебе. Өңірде тойдан той жалғасып жатқаны мені қуантады, – деді Майра Ильясова.

“Айналдым елім” ән кеші аншлагпен өтті

Кеш еркін әрі ерекше форматта өтті. Халықтың сүйіктісі көрермендермен еркін байланыс орнатып, Хакімге қатысты сұрақ қойып, сондай-ақ,  Абайдың әндерін үздік орындаған көрерменге арнайы естелік сыйлық табыстады.

– Айтумен шектелмей, Абайша ойлауға тырысайық. Халық аманаты болған мұраны әрқайсымыз түсініп, бойымызға сіңіріп, дәріптесек – мақсатымыз сол, – деді өнер иесі.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай облыс аумағында онкүндік мәдени бағдарламалар жалғасып жатыр. Барлық шаралар ашық есік форматында, яғни көрермендер үшін тегін ұйымдастырылуда.

“Айналдым елім” ән кеші аншлагпен өтті

Кеште сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші Бисара Макенова, “Жас Қанат – 2016” байқауының жеңімпазы Парасат Отан және халықаралық байқаулардың лауреаттары — “Әдемі-ай” дуэті өнер көрсетті.

Гастрольдік сапар аясында “Айналдым елім” концерті 3–6 тамыз күндері Үржар, Аягөз, Жарма және Жаңасемей аудандарында жалғасады.