Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Культура 269 қаралымabaidan.kz

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра күнін кеңінен насихаттауға және қазақ халқының төл өнері мен мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған.

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Музей директоры Ұлан Сағадиевтің айтуынша, 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияда Қазақстан халқының мәдениеті мен ұлттық болмысын дамытуға ерекше мән берілген.

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

– Музейімізге келген барша қонақтарға қош келдіңіздер деймін. Өздеріңіз білетіндей, 1 шілдеден бастап жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат. Осындай айтулы кезеңде Ұлттық домбыра күніне орай музейімізде арнайы көрме ұйымдастырып отырмыз. Жаңа Конституцияда мәдениет пен ұлттық өнерді дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Көрмеде кәсіби орындаушылардың музыкалық аспаптары қойылған. Ал қорымыздағы ең құнды жәдігерлердің бірі – ұлы Абайдың домбырасы, – деді Ұлан Сағадиев.

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Музейдің экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Бұлбұлназ Уахметова көрмеде дәуірдің рухын сақтап тұрған бірегей жәдігерлер ұсынылғанын атап өтті.

– Бүгін «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрменің ашылуы өтуде. Мұнда белгілі күйші-орындаушылардың музыкалық аспаптарымен қатар, музей қорында сақталған ұлы Абайдың домбырасы және Шәкәрімнің ұлы Ахаттың домбырасы көпшілік назарына ұсынылып отыр. Сонымен бірге әр жылдары музейге еліміздің әр өңірінен сыйға тартылған домбыралар да көрмеге қойылған. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Барша семейліктер мен қала қонақтарын келіп көруге шақырамыз, – деді Бұлбұлназ Уахметова.

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Көрменің ашылу салтанаты домбыраның күмбірлеген үнімен өрілді. Шығармашылық ұжымдардың жас өнерпаздары көпшілікке танымал күйлерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Келушілер жас домбырашылардың орындаушылық шеберлігі мен нәзік музыкалық талғамына жоғары баға берді.