Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Культура 902 қаралымabaidan.kz

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі областық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды

Осыған орай Абай атындағы драма театрда «Қарқуар» атты шығармашылық кеш өтті. Кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ақынның шәкірттері мен оқырмандары қатысты. Кештің ашылуында сөз алған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауын жеткізіп, ақынның иығына шапан жапты.

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды

«Абай елінің төл баласы Төлеген Жанғалиев — ұлылар мекенінің бай мұрасы мен шежіре тарихына уызынан қанып өскен текті ұрпақ. Хәкім Абай, данышпан Шәкәрім, мұхит ойлы Мұхтарға қызмет етуді Төлеген ағадан үйрену керек десем, артық айтқандық емес. Дүниенің «қызыл-жасылына» алданбай, «қаққан қазықтай» Қарауылға байланып, бабалар мұрасын қорып келе жатқан Төлеген Жанғалиұлына Абай елі дән риза! Қазақ руханиятының қайнарынан сусындап, Абайша терең толғанып, ұлы ой, сырлы сөздің жүгін арқалаған қарымды қаламгерге шын жүректен шығармашылық табыс тілеймін! Мерейтой құтты болсын!», -деді облыс әкімі.

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды

Шығармашылық кеште «Дариға-ай» жастар театры әртістерінің қатысуымен «Қарқуар» театрландырылған қойылымы көрсетілді. 

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, Қазақстан Жазушылар Одағының құттықтау хаттары оқылды. Бұдан бөлек мерейтой иесінің шәкірті, ақын Қалқаман Сарин, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәулет Сейсенұлы сынды бір топ қаламгерлер сахнаға көтеріліп, Төлеген Жанғалиұлына жылы лебіздерін білдірді. Қазақстанның белгілі жазушысы, драматург, аудармашы және қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевтың ақынға арнаған өлеңі оқылды.