Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Происшествия 2 195 қаралымabaidan.kz

Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды

Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды

Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. 

Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды
Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды


Жиынға Семей қаласының әкімі, басқарма басшылары, ТЖ департаментінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында Ертіс өзенінде мұздың жиналуы салдарынан су деңгейінің көтерілуі мәселесі қаралды.

 

Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды



Бүгінде құзырлы органдармен барлық тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазір су деңгейі 471 см, сыртқы ауа температурасы -10 градус. 

Абай облысының ТЖД барлық қаражаты күшейтілген режимге көшті. Су деңгейі көтерілген жағдайда Бейбітшілік аралындағы тұрғындарды эвакуациялау орындары, үй жануарларын апаратын жерлер анықталды.

«Жағдай бақылауға алынды. ТЖД-ның барлық күші тұрғындарға қажетті көмек көрсетуге толық дайын болуы қажет. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды

Отырыс қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған хаттама дайындалып, жауапты мекемелерге жолданады.

Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды