Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Политика 1 160 қаралымabaidan.kz

«ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа формуласы» бизнес-форумы өтті

«ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа формуласы» бизнес-форумы өтті

Абай облысында «Respublica» партиясының облыстық филиалы және “Re.Women” әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа формуласы» атты ірі бизнес-форум жоғары деңгейде өтті.

«ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа формуласы» бизнес-форумы өтті

Іс-шараның өтуіне Respublica партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш пен “Re.Women” әйелдер қауымдастығының Абай облысы бойынша төрайымы Ляйля Ахметканова белсене атсалысып, форумның мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне зор үлес қосты.

«ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа формуласы» бизнес-форумы өтті

Іс-шараға Respublica партиясынан Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген 300-ден астам кәсіпкер қатысты. Форум аясында табысты бизнес жүргізудің жаңа тәсілдері, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және инновациялық ойлаудың маңызы талқыланды.

«ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа формуласы» бизнес-форумы өтті

Форумда сөз сөйлеген Respublica партиясының тең төрағасы, «Учет KZ» компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смолякова мен Динара Наумова, сондай-ақ табысты кәсіпкерлер мен өңірлік бизнес көшбасшылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында «Q4 Tulpar» автокөлік салондарының негізін қалаушы Талғат Сақан, «Abai IT Valley» мектебінің негізін қалаушы Бауыржан Наурызбаев, «LANZHOU» брендінің иесі Гүлбану Майгарина, және Абай облысы бойынша «Даму» Өңірлік даму қоры» АҚ директорының міндетін атқарушы Екатерина Маслова болды.

«ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа формуласы» бизнес-форумы өтті

Сонымен қатар, форум жұмысына «Re.Women» қауымдастығының төрайымы Айдана Тоғызбаева және Respublica партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Әлібек Ашметов арнайы қатысты.

«ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа формуласы» бизнес-форумы өтті

Форум қатысушылары пікір алмасып, бизнес пен интеллектуалды даму арасындағы байланысты талқылап, табысты кәсіпкерліктің жаңа формулаларын ұсынды. Іс-шара өңір кәсіпкерлері мен іскер әйелдер үшін тәжірибе мен серіктестік алаңына айналды.