Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 760 қаралымabaidan.kz

Абай облысында «Jas Sarbaz Chees Cup»облыстық шахмат турнирі өтті

Абай облысында «Jas Sarbaz Chees Cup»облыстық шахмат турнирі өтті

Семей қаласында «Jas Sarbaz Chees Cup»облыстық шахмат турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Абай облысының барлық аудандарынан келген жас зияткерлерді бір алаңға жинады,-Деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Турнирге қатысқан оқушылар жеті айналымнан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өзара бақ сынап, үздік ойыншыларды анықтады.

Абай облысында «Jas Sarbaz Chees Cup»облыстық шахмат турнирі өтті
Абай облысында «Jas Sarbaz Chees Cup»облыстық шахмат турнирі өтті

Интеллектуалды дода барысында қатысушылар қарсыластарымен шебер ойын өрнегін көрсетіп, турнир көрермендері мен қазылар алқасын тартысты партиялармен тәнті етті. Жарыс нәтижесінде облыс намысын республикалық деңгейде қорғайтын үздік ұлдар мен қыздар анықталды.

Абай облысында «Jas Sarbaz Chees Cup»облыстық шахмат турнирі өтті

Жалпы командалық есепте Мақаншы ауданы топ жарып, 1 орынды иеленді. Жекелей нәтиже бойынша қыздар арасында Шырын Нұржанқызы үздік шықты, ал ұлдар арасында Никита Глухов бірінші орынға ие болды.

Абай облысында «Jas Sarbaz Chees Cup»облыстық шахмат турнирі өтті

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар және кубоктармен марапатталып, республикалық турнирге жолдама алды.

Абай облысында «Jas Sarbaz Chees Cup»облыстық шахмат турнирі өтті

«Jas Sarbaz Chees Cup» жас буын арасында шахмат спортын дамытуға, логикалық ойлау қабылетін арттыруға және оқушыларды жаңа биіктерге ынталандыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.