Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 547 қаралымabaidan.kz

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнирде Абай облысының командасы жеңімпаз атанды

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнирде Абай облысының командасы жеңімпаз атанды

Семейде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир мәресіне жетті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнирде Абай облысының командасы жеңімпаз атанды

  Жарысқа еліміздің 6 облысы мен 4 қаласынан 12 команда қатысты. Атап айтқанда, турнирде Qazaqstan TV (Астана қаласы), «Абай облысы» (Абай облысы), Aqmeshit (Қызылорда облысы), «Атырау» (Атырау облысы), Kazmedia (Астана қаласы), Qareket (Жетісу облысы), «Семей» (Семей қаласы), Setanta (Алматы қаласы), «Тараз Пресс» (Жамбыл облысы), «Хабар» (Астана қаласы), «Шымкент» (Шымкент қаласы) және Bek Sport (Астана қаласы) командалары бақ сынады. 

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнирде Абай облысының командасы жеңімпаз атанды

Амангелді Сейітхан атындағы «Seitkhan cup» республикалық турнирі 2022 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін жарыс төрт рет Алматы қаласында өткен болатын. Биыл облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен алғаш рет тұлғаның туған жерінде – Абай елінде, Семей қаласында ұйымдастырылды. Турнир қорытындысы бойынша Абай облысы командасы ақтық сында «Казмедиа» командасымен кездесіп, пенальти сериясында жеңіске жетіп, 1 орынды иеленді. 

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнирде Абай облысының командасы жеңімпаз атанды

Осылайша екінші орын Астана қаласынан келген «ҚазМедиа» командасына бұйырса, III орынды Жетісу облысының «Қаракет» командасы алды. Бірінші орынға 2 миллион, 2 орынға 1 миллион, 3 орынға 500 мың теңге табысталды. 

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнирде Абай облысының командасы жеңімпаз атанды

Сонымен қатар сайыста үздік өнерімен көзге түскендер «Үздік сұрмерген», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Құрмет» және «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы номинациялары бойынша марапатталды. 

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнирде Абай облысының командасы жеңімпаз атанды

Турнирдің жабылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли тартысты бәсеке үшін командаларға алғыс білдірді.

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнирде Абай облысының командасы жеңімпаз атанды

«Бүгінгі жарысымыз өте жоғары деңгейде өтті деп есептейміз. Оған бүгінгі алаңдағы тартысты ойындар дәлел. Баршаңызды Амангелді Сейітхан турниріне арнайы келіп, Семей жерінде жарыстың көрігін қыздырғандарыңыз үшін облыс жұртшылығы атынан алғыс айтамын», - деді Берік Уәли.