Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 2 427 қаралымabaidan.kz

Қазақ күресінен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталады

Қазақ күресінен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталады

Жылдың ең маңызды əрі ауқымды əлемдік спорттық шарасының басталуына бір айдай ғана уақыт қалды.

Қазақ күресінен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталады

Өзге ұлттық құрамалар сияқты қазақ күресінің балуандары да Көшпенділер ойындарына қызу дайындық үстінде. Жыл басынан бері ұлттық құрама спортшыларының қатысуымен 4 оқу-жаттығу жиыны өтті. Атап айтқанда, балуандар Алматы қаласында екі мəрте, Грузия елінде жəне Қырғызстанда дайындықтарын жүргізді.

Қазақ күресінен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталады

Кезекті ОЖЖ 1-14 тамыз аралығында Ақмола облысындағы Щучье қаласында өтеді. Бұл жиын барысында балуандарымыздың арасында қорытынды белдесулер өткізіліп, əр салмақтың үздігі анықталады.

Ал соңғы қорытынды ОЖЖ 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткізу жоспарланған.

Қазақ күресінен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталады

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресі бойынша жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 8-10 қыркүйек күндері өтеді.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.