Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 1 449 қаралымabaidan.kz

Республика күні Үржар ауданында спорт модулі ашылды

Республика күні Үржар ауданында спорт модулі ашылды

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында спорт модулі ашылды. 

Республика күні Үржар ауданында спорт модулі ашылды

Ангар үлгісіндегі модульде ойын және күрес түрлерінен жарыс өткізуге  болады. Бір мезетте 28 адамның спортпен шұғылдануына мүмкіндік бар.

Республика күні Үржар ауданында спорт модулі ашылды

Модульдің ашылуына аудан әкімі Ақылбек Башимбаев, аудандық мәслихат төрағасы, мекемелер басшылары, ақсақалдар, танымал спортшылар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Республика күні Үржар ауданында спорт модулі ашылды

«Ауылымыз әлеуметтік-экономикалықдаму жолында.  Мемлекеттік бағдарламаның аясында осы модуль ашылып отыр. Жаңа нысанның Республика күні ашылғанын жақсылыққа балап отырмыз. Болашақта ауылымыздан аға ұрпақтың ізін басар танымал спортшылар шығатынына сенімдіміз», - дейді Таскескен ауылының әкімі Айдын Қожаев.

Республика күні Үржар ауданында спорт модулі ашылды

Жаңа модульде дзюдо, грек-рим күресі, футбол секцияларын ашу жоспарланып отыр.