Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Taza Qazaqstan 3 482 қаралымabaidan.kz

Аягөз ауданындағы «Питомник» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Аягөз ауданындағы «Питомник» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Аягөз ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Питомник» аумағындағы қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілді.

Аягөз ауданындағы «Питомник» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Шараның басты мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғат пен туған өлкенің тазалығын сақтауға жастардың қызығушылығын ояту. Акцияға туған жердің тазалығын сақтауға, абаттандыруға үлес қосқан 40-тан астам жас белсене қатысты. Шара нәтижесінде аумақ қоқыстан тазартылып, барлығы 37 қап қоқыс жиналды.
 

Аягөз ауданындағы «Питомник» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Аягөздің белсенді жастар өкілі Мәдина Дәулетбек «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірді.

Аягөз ауданындағы «Питомник» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

– «Таза Қазақстан» акциясы аясында біз «Питомник» аумағын қоқыстан тазартып жатырмыз. Бұл біздің аз болса да, қаламыздың дамуына қосқан үлесіміз деп білеміз. Барлық аудан тұрғындарын экоакцияға қатысуға шақырамыз. Мен туған жерімнің патриоты ретінде өскелең ұрпаққа үлгі болатын осындай ауқымды шараға қатысқаныма қуаныштымын, - дейді Мәдина Дәулетбек.

Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясындағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.