Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Taza Qazaqstan 471 қаралымabaidan.kz

Көктемгі тазалық: Семейде ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Көктемгі тазалық: Семейде ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Семей қаласында қыстан кейінгі санитарлық тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарындағы шаң-қоқыстарды тазалау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Әділет Қожанбаев жазды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. 

Көктемгі тазалық: Семейде ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Санитарлық тазалау барысында жол қоршаулары мен жиектері, жол белгілері, сондай-ақ шағын сәулеттік пішіндер жуылуда. Сонымен қатар қалада ағаштарды әктеу жұмыстары басталды.

Көктемгі тазалық: Семейде ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Облыс әкімі Берік Уәлидің үндеуінен кейін қалада жалпықалалық сенбіліктер басталып, тұрғындар ғана емес, кәсіпкерлік нысандар да өз үлестерін қосуда.

Бұдан бөлек, Семейде жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Бүгін 5000 шаршы метр аумаққа асфальт төселді.

Көктемгі тазалық: Семейде ауқымды жұмыстар жүргізілуде