Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Law and Order 551 қаралымabaidan.kz

️Семейде «су басу» туралы жалған хабарлама жасанды интеллект көмегімен жасалған фейк болып шықты

️Семейде «су басу» туралы жалған хабарлама жасанды интеллект көмегімен жасалған фейк болып шықты

17 наурыз күні сағат 20:00 шамасында кол-орталыққа Гастелло көшесінде орналасқан өндірістік цехты су басты деген хабарлама түскен.

️Семейде «су басу» туралы жалған хабарлама жасанды интеллект көмегімен жасалған фейк болып шықты



Оқиға орнына тиісті қызметтер жедел түрде шыққанымен, ақпарат расталмады — ешқандай су басу фактісі анықталған жоқ.

️Семейде «су басу» туралы жалған хабарлама жасанды интеллект көмегімен жасалған фейк болып шықты



Тексеру барысында хабарламаға негіз болған фотоматериалдардың жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалғаны және шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Оларды цехты жалға алушы әзіл ретінде дайындаған.

27 жастағы азамат жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол өз кінәсін мойындады.

Абай облысы Полиция департаментінде ескертеді: жасанды интеллект көмегімен жасалған фейк материалдар да азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін. Мұндай әрекеттер «әзіл» ретінде қабылданғанымен, олар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген.