Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Послание 1 538 қаралымabaidan.kz

Ұлттық ұланның Өскемендегі әскери бөлімінде Президент Жолдауы түсіндірілді

Ұлттық ұланның Өскемендегі әскери бөлімінде Президент Жолдауы түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының Өскемен қаласында орналасқан әскери бөлімдерінің бірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын түсіндіруге арналған іс-шара өтті. Атап айтқанда, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаздарға, офицерлерге және келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілерге Жолдаудың негізгі бағыттары таныстырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Іс-шараға Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Смирнова Екатерина Владимировна, «Жастар Рухы» жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Тугамбаева Қорлан Төлеубекқызы, сондай-ақ «Аманат» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Нұркенов Аманбай Мұхамедиярұлы қатысты.

Ұлттық ұланның Өскемендегі әскери бөлімінде Президент Жолдауы түсіндірілді

 Спикерлер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жастарды қолдау, ұлттық қауіпсіздікті нығайту және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі туралы жан-жақты түсіндірді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, сарбаздар мен офицерлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Шараның негізгі мақсаты – Президент Жолдауының басты тұстарын әскери ортаға кеңінен жеткізу және мемлекет дамуына бағытталған стратегиялық бастамаларды қолдауға үндеу болды.