Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 46 қаралымabaidan.kz

Студенттердің дауыс беруі қамтамасыз етіледі - министрлік

Студенттердің дауыс беруі қамтамасыз етіледі - министрлік

Биыл Құрылтай депутаттарын сайлау мерзімі 23 тамызда өтеді, яғни осы кезең студенттердің каникулына сәйкес келіп тұр. Бұл ретте студенттердің дауыс беруі қалай қамтамасыз етілмек?

 

Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жауап берді.

- Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру үшін оқу орындарына түскен студенттермен тіркелген тұрғылықты мекенжайы бойынша нақты жұмыстар іске асып жатыр. Бұл ретте тиісті деңгейде ұйымдастырылып, міндетті түрде әрбір 18-ге толған студенттің дауыс беруі қамтамасыз етіледі. Министрлік тарапынан сайлауға қатысты жоғары оқу орындарының ректорлары және жауапты мамандармен жиналыстар өткізіліп жатыр, - делінген комитеттің берген жауабында.