Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 66 қаралымabaidan.kz

Құрылтай – ел болашағына бастар таңдау

Құрылтай – ел болашағына бастар таңдау

Еліміздің саяси өмірінде тарихи маңызы зор өзгерістер жүзеге асуда. Жаңа Конституцияның 1 шілдеден бастап күшіне енуіне байланысты бұған дейінгі екі палаталы Парламенттің орнына заң шығару қызметін атқаратын бір палаталы Құрылтай сайлауы өтуде. Қазақ халқының тарихи жадында «Құрылтай» ұғымы ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді ортаға салып, ортақ шешім іздейтін кеңес ретінде қалыптасқан. Бүгінде бұл тарихи атау заманауи мазмұнмен толықтырылып, азаматтардың пікірін мемлекеттік деңгейге жеткізетін, қоғамдағы түрлі көзқарастарды тоғыстыратын өкілді институт ретінде орнығуға бағыт алып отыр.

Құрылтай сайлауы – ел болашағына бейжай қарамайтын әр азамат үшін маңызды күн. Бұл – азаматтық ұстанымды білдіріп, елдің ертеңіне жауапкершілікпен қараудың нақты мүмкіндігі. Сайлау арқылы халықтың мүддесін қорғайтын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын азаматтарды таңдауға мүмкіндік беріледі.

Осыған орай Ақсуат ауданындық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Жандос Оразғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында сайлаудың маңызына тоқталды:

«Бүгінгі Құрылтай сайлауы – ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымымызды білдіретін маңызды күн. Құрылтай сайлауы арқылы халқымыздың мүддесін қорғайтын, елдің дамуына үлес қосатын азаматтарды таңдауға мүмкіндік аламыз. Сондықтан  өз таңдауымды жасадым », – деді ол.

Шын мәнінде, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Халықтың таңдауы елдің алдағы даму бағытына әсер етіп, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге атсалысатын өкілдердің қалыптасуына негіз болады. Сайлау күні тұрғындардың белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы – елдегі демократиялық үдерістердің нығаюына да өзіндік үлес қосады. Бірлік пен өзара түсіністік орныққан қоғам ғана тұрақты дамудың берік негізін қалыптастыра алады.

Спикер өз сөзін елдің болашағына қатысты ізгі тілегімен қорытындылады:

«Еліміздің ынтымағы артып, береке-бірлігіміз нығая берсін! Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты болып, халқымыздың тұрмысы жақсара берсін! Ел болашағы жолындағы барлық бастамаларымыз баянды болғай!»

Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын осындай кезеңде әр азаматтың дауысы мен таңдауының маңызы зор. Құрылтай сайлауы – халықтың өз өкілдерін таңдап, елдің келешегіне қатысты ұстанымын білдіретін маңызды қоғамдық-саяси үдеріс.