Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 33 қаралымabaidan.kz

Құрылтай сайлауы: Астанада кері санақ іске қосылды

Құрылтай сайлауы: Астанада кері санақ іске қосылды

Астанада биылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған кері санақ іске қосылды, деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Дауыс беру күніне 31 күн қалды. Кері санақ тақталары елорданың көрнекті нысандары – алып шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына орнатылды.

Таблолар нақты уақыт режимінде сайлауға дейін қалған күн санын көрсетіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды саяси науқанды еске салып тұрады.

Еске салайық, 1 шілдеде Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттарының сайлауын 23 тамызға тағайындаған болатын. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың күнтізбелік жоспарын және сайлауға қатысатын саяси партиялардың тізімін бекітті.

Сондай-ақ Құрылтай сайлауын қаржыландыру тәртібі де айқындалды.

Орталық сайлау комиссиясы «Әділет», «Байтақ», Қазақстанның халық партиясы (ҚХП), «Ақ жол», ЖСДП, Respublica және «Ауыл» партияларының кандидаттар тізімдерін тіркеді.