Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді

Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы «көп масштабты әскери операция» бастағанын растады. Бұл туралы Израиль Тегеранға ракеталық соққы жасағанын мәлімдегеннен кейін белгілі болды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Қазинформға сілтеме жасап.

АҚШ Президенті әлеуметтік желіде Truth Social парақшасында сегіз минуттық бейнемәлімдеме жариялап, шабуылдар «америкалық халықты қорғау үшін бағытталған» деді.

— Америка Құрама Штаттарының саясаты, менің әкімшілігімнің саясаты, бұл террористік режим ешқашан ядролық қаруға ие болмауы тиіс дегенге негізделген. Қайталап айтамын, олар ешқашан ядролық қаруға ие болмайды, — деді Трамп өз бейне мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ол АҚШ-тың Иранмен ядролық келіссөздер бойынша «таусылған шыдамын» ескеріп, әскери операция бастауға мәжбүр болғанын атап өтті.

Ақ үй басшысы АҚШ-тың Иранның барлық ракеталық арсеналын жоюды көздейтінін мәлімдеді.

— Біз олардың ракеталарын жоямыз және ракеталық өндірісін жермен жексен етеміз, — деді Трамп.


#АҚШ, #Иран, #соққы