Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Ақсуат ауданы 46 қаралымabaidan.kz

Ақсуат ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артты

Ақсуат ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артты

Абай облысының Ақсуат ауданында 2026 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етілді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және кәсіпкерлік салаларында бірқатар нәтижеге қол жеткізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақсуат ауданының әкімі Ерсін Ескендіров мәлімдеді.

– Өнеркәсіп өнімдерінің өсім қарқыны 118,4 пайызды, құрылыс жұмыстары 120,3 пайызды, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 114,4 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 104,7 пайызға жетті. Ауданда ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бағытында 6 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар аясында балық өсіру, тамшылатып суару жүйесін енгізу, этномәдени туризмді дамыту және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыттары қамтылған, – деді Ерсін Ескендіров.

Сонымен қатар ауданда 1851 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Ірі қара саны 157,6 мың басқа, қой мен ешкі 302,79 мың басқа, жылқы 36,8 мың басқа жетті.

Әлеуметтік салада да жұмыстар жалғасуда. Ауданда 19 мектеп жұмыс істейді. Биыл 279 түлек мектеп бітіріп, оның 33-і «Алтын белгі» иегері атанды. Елді мекендерді сумен қамту деңгейі 92,6 пайызды құрайды. Автомобиль жолдары бойынша 7 жоба іске асырылуда.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Үлгілі ауыл» облыстық байқауында Ақсуат пен Құмкөл ауылдары үздік деп танылды.