Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Ақсуат ауданы 21 қаралымabaidan.kz

Облыс әкімі Ақсуат ауданына көшіп келген отбасылардың тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі Ақсуат ауданына көшіп келген отбасылардың  тыныс-тіршілігімен танысты

Аймақ басшысы Берік Уәли Ақсуат ауданына «Қаладан ауылға» жобасы және көші-қон бағдарламасы аясында қоныс аударған отбасылардың үйінде болды. Облыс әкімі әуелі Құмкөл ауылына қоныс аударған Мүтихан Жасұланның жанұясына барды. Екі адамнан тұратын отбасы биылғы жылдың ақпан айында Алматы облысынан қоныс аударған. 

Облыс әкімі Ақсуат ауданына көшіп келген отбасылардың  тыныс-тіршілігімен танысты

Отбасы Қазақстандағы еңбек ресурстарын өңірлер арасында тиімді орналастыруға бағытталған ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында жаңа қонысқа көшіп келген. Наурыз айында қоныс аударушылар квотасына енгізіліп, мемлекеттік қолдау шараларына ие болған. Атап айтқанда, жол жүру шығындарын өтеу үшін 605,5 мың теңге беріліп, экономикалық мобильділік сертификаты арқылы тұрғын үй сатып алуға 4,5 млн теңгеден астам қаржылай қолдау көрсетілген. Қазіргі уақытта Мүтихан Жасұлан егіншілікпен айналысады. Алдағы уақытта шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Аймақ басшысы осы ауылға Алматыдан қоныс аударған Дархан Кітатовтың отбасында да болды. Жеті адамнан тұратын отбасыға қоныс аудару бағдарламасы аясында жол жүру шығындары үшін 3 млн 242 мың 870 теңге төленіп, тұрғын үй сатып алуға 6 млн 485 мың 741 теңге берілген. Дархан Кітатов ауыл шаруашылығымен айналысып, өз кәсібін дамытуда. Жергілікті әкімдік тарапынан биыл оған 10 гектар егістік жер телімі берілді. Алдағы уақытта қайтарылған жерлер есебінен тағы 10 гектар шабындық беру жоспарланып отыр. Биыл ағаш өңдеу саласы бойынша 1 млн 730 мың теңге грант алған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сауын сиыр өсіру мақсатында жылдық 2,5 пайызбен 32 млн теңге несие алып, қазіргі уақытта мал қорасын салып жатыр. 

Облыс әкімі Ақсуат ауданына көшіп келген отбасылардың  тыныс-тіршілігімен танысты

Аймақ басшысы Ақсуат ауылына қоныс аударған тағы бір қандас – Шеризат Озаттың да жағдайымен танысты. Үш адамнан тұратын отбасы Қытай халық республикасынан Ақсуат ауылына қоныс аударған. Қазіргі таңда кәсіпкер 250 гектар жерге күнбағыс егіп, егін шаруашылығымен айналысуда. Сонымен қатар мал бордақылауды қолға алған. Кәсіпкер жергілікті қызмет көрсету саласын дамытуға да үлес қосып отыр. Құмкөл ауылындағы «Иманғажы» мейрамханасын сатып алып, қазір нысанды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта Шеризат Озат Ақсуат ауылында жаңа мейрамхана, тұрғындарға қажетті тауарлар мен қызметтер ұсынылатын базар ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, егін шаруашылығын кеңейтіп, жүгері және күнбағыс өсіру көлемін арттырып, ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін тамшылатып суару технологиясына арналған зауыт ашпақ ниетте. Жоба іске асқан жағдайда су ресурстарын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыруға бағытталады.

Облыс әкімі Ақсуат ауданына көшіп келген отбасылардың  тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі қоныс аударған отбасыларға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті.

«Жыл басында облысымызда басталған «Қаладан ауылға» жобасы аясында көшіп келіп жатқан отбасыларға аудан, ауыл әкімдіктері жан жақты қолдау көрсетеді. Несие алуға, грант алуға жәрдемдеседі. Ауылда кәсіп бастауға барлық мүмкіндік бар. Бұл жергілікті ауыл тұрғындарына да үлгі, өнеге болатыны сөзсіз. Сіздерге сәттілік тілеймін», – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақсуат ауданына «Қаладан ауылға» жобасы бойынша 50 отбасы, яғни, 135 адам көшіп келді. Ал өңірге 506 отбасы, яғни, 1635 адам қоныс аударды. Бұл жоспардың 101 пайызға орындалғанын көрсетеді. Оның ішінде Семей қаласынан 671 адам, ал өзге өңірлерден 964 адам көшіп келді.