Абай облысы ауыл шаруашылық басқармасының жұмыс қорытындысы мен жоспарлары

Абай облысы ауыл шаруашылық басқармасының жұмыс қорытындысы мен жоспарлары

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстағы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылымы 535,2 млрд. теңгеден асқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында «Абай облысы ауылшаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ертай Қуанбаев баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. 
- Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 103,5% мөлшерінде қалыптасты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша салаға 78,5 млрд. теңгеге инвестиция салынды, бұл өткен жылдың ұқсас кезең деңгейінен 38,8 млрд. теңгеге немесе екі есе артық. Ал, барлық түрдегі ет және сүт өндірісінің өсуі тиісінше 102,0% және 104,0% құрады,- деді Ертай Қуанбаев.

Былтырғы жылы облыстағы 745,4 мың га егіс алқабында 334,6 мың тонна дәнді дақылдар, 319,7 мың тонна майлы дақылдар және 1,5 млн. тонна жем-шөп дақылдары жиналған. Осы көрсеткішке сәйкес Президент аграрлық секторда алдағы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге арттыру міндетін қойған.

- Еңбек өнімділігін арттыруға және облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін ұлғайтуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізудеміз. Осы мәселе бойынша ағымдағы жылы егіс алқаптарын әртараптандыру, яғни жоғары рентабельді сұранысқа ие дақылдарды өндіру, ауыспалы егісті сақтау жоспарлануда. Берілген өтінім нәтижесінде 8,04 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, алдағы уақытта егістістіктің 750,0 мың га жеріне егін егілмек. Нәтижесінде, егіс алқабында 356,2 мың тонна дәнді дақылдар, 378,8 мың тонна майлы дақылдар және 1,6 млн. тонна жем-шөп дақылдары жиналу болжануда, - деді спикер.

  Облысымызда суармалы жерлердің жалпы көлемі 112,0 мың га құраса, оның тек 28,1 мың га пайдаланылады. Осы мақсатта ағымдағы жылы СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы шеңберінде 5,3 мың гектар алқапқа қазіргі заманауи су үнемдеу технологияларын пайдаланатын 7 жобаны іске асырмақ. Сондай-ақ, асыл тұқымды мал басының санын ұлғайту, тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жалғастыру көзделген.

- Басты мәселелердің бірі агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін жеткізу. Осы міндетке қол жеткізу үшін Үкіметпен екінші деңгейлі банк арқылы ТОО «ЕуразияАгроСемей» ет өңдеу зауытын іске қосуға 6 млрд. теңге көлемінде несие берілді. Нәтижесінде, 2025 жылдың 1 тоқсанында қуаттылығы 12,6 мың тонна болатын кәсіпорын ашылмақ,- деп қорытындылаты басқарма басшысының орынбасары Ертай Қуанбаев .


#Абай облысы, #Ауылшаруашылық