Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ақпараттық жүйе әзірледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ақпараттық жүйе әзірледі

«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты - ауыл тұрғындарының жеке істерін қолға алып, жұмыс істеуіне арзандатылған несие беру. Бұл порталдың арқасында кез келген өтінімді кез келген уақытта беруге болады. Бұрын өтінімдер қағаз жүзінде ұсынылып келген. Енді оны электронды қолтаңба арқылы беруге болады, деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов. 
«Бағдарлама бойынша пайыздық мөлшерлеме 2,5% аспайды. Несие мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін; несие сомасы – жеке кәсіпкерлер үшін 9 млн астам, ал шаруашылықтар бір кооперативке біріксе, онда несие сомасы 29,5 млн дейін жетеді. Яғни, өтінім беруші электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүйеде тіркеліп, өзінің ауылдағы шаруашылықтарын дамытуға несие ала алады. Бұл ақпараттық жүйе 1 тамыздан бастап іске қосылды», - деді спикер. 
Бұрын бағдарлама Жамбыл облысында тәжірибеден өткізілген. Қазіргі кезде ақпараттық жүйе өзге өңірлерде бірте-бірте іске қосылып жатыр. Бүгінде мыңнан астам өтінім қабылданды, оның 384-і мақұлданды.


#Ауылшаруашылық