«Бақыт отбасынан басталады» семинар-тренингі өтті
№38 мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған «Бақыт отбасынан басталады» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты дамыту, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру болды.

Семинар барысында мектеп психологтары мен ұстаздар отбасының бала өміріндегі рөлі, мейірім мен қолдаудың маңыздылығы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті. Қатысушылар түрлі тренингтік жаттығуларға қатысып, топтық жұмыстар арқылы өзара пікір алмасты. Әсіресе «Менің отбасымның құндылықтары», «Балаға дұрыс қолдау көрсету жолдары» тақырыптарындағы тапсырмалар ата-аналардың қызығушылығын арттырды.


-Симинар-тренингтың негізгі мақсаты-Үштағанды оқыту жобасы аясында баланың, ата-ананың және мектептің рөлін айқындау. Ата-аналарға оқушылардың өміріндегі қиындықтарға қандай қолдау көрсету керек екендігін психологтардың көмегімен практикалық түрде көрсетіу,- дейді Семей қалалық білім бөлімінің тәрбие секторының әдіскері Қасымов Бағдат.

Семинар-тренинг барысында, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақ халқының дәстүрлі ойындарының бірі – «Асықты бестемше» ойыны таныстырылып, ата-аналар мен оқушылар арасында ойнатылды. Бұл ойын арқылы қатысушылар ұлттық мұраның тәрбиелік мәнін тереңірек түсініп, асық ойынының баланы ептілікке, мергендікке, шыдамдылық пен әділдікке баулитынына көз жеткізді. Ата-аналар ойынға белсене қатысып, бала күнгі естеліктерімен бөлісіп, ерекше әсер алды.


Іс-шара барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, ата-аналар ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды. Тренинг соңында қатысушылар кері байланыс беріп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Көпбалалы әке, Машпиев Роллан:
-“Осындай іс-шараның ата-аналар арасында өткізілуі өте дұрыс. Баланың қалыптасуы тек отбасында ғана емес, мектепте де болады. Өйткені, көп уақытын мектепте, мектептегі достарымен өткізгеді. Бала тәрбиесіне қоғам жауапты деп ойлаймын. Қоршаған ортасы қандай болса, бала сол қасиеттерді бойына сіңіретін болады. Сондықтан, баланың айналасындағы жағдайларға көп мән беру керек.”


Семинар-тренинг ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсат – саналы, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру жолындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай тағылымды, ұлттық рухты дәріптейтін шаралар жалғасын табатынын жеткізді.