Семейде жаңа оқу жылына арналған білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясы өтті. «Жаңа халықтық конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында өткен жиында білім сапасын арттыру мен заманауи технологияларды тиімді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Таныстырылған шешімдердің бірі — Bilim Group экожүйесінің өнімі BilimClass платформасы мен Абай облысының прокуратурасы бірлесіп әзірлеген әлеуметтік осал топтағы оқушыларды мониторингтеу жүйесі.

Жүйе баланың әлеуметтік мәртебесі, сабаққа қатысуы, үлгерімі мен психологиялық сын-қатер деңгейі туралы деректерді бір арнаға тоғыстырады. Қауіп тобындағы оқушыларды анықтап, баламен және оның отбасымен дер кезінде жұмыс жүргізу үшін мобильді топқа сигнал жібереді. Пилоттық жоба 2026 жылдың қыркүйегінде бастау алмақ. Конференция қатысушылары білім беру саласына заманауи технологиялар мен жасанды интелектіні енгізу тақырыбына да бөлек тоқталды. Жиында сөз алған облыс әкімі Берік Уәли педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру мен жасанды интеллектіні тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті. Өңір басшысының айтуынша, ЖИ мұғалімнің негізгі көмекшісіне айналып, оны қағазбастылықтан арылтуға әрі әр оқушымен жеке жұмыс істеуге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беруге тиіс.

Өңір басшысы атап өткен міндеттер Bilim Group цифрлық сервистерінің жаңа мүмкіндіктерінде де көрініс тапқан. BilimUpskill атты атқарушы директоры Мағжан Аманғазы өз сөзінде Президент бастамасымен OpenAI, Freedom Holding Corp. және ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан білім беру саласына ЖИ енгізуге бағытталғаг ұлттық жобаның барысы туралы баяндады. Бастама аясында балабақшалар, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен Astana Hub резиденттеріне ChatGPT Edu арнайы 165 000 лицензиясы берілді. Сонымен қатар жаңа оқу жылына орай BilimClass тегін электрондық журналы педагогтер мен мектеп әкімшілігі үшін біршама жаңа құралдар дайындаған. Олардың қатарында — оқу ісінің меңгерушілеріне арналған сабақ кестесінің конструкторы, мұғалімдерге арналған мобайл қосымша және мектеп басшылығы мен білім беру органдарына арналған білім сапасының аналитикасы бар. Конструктор мұғалімдердің жүктемесін, кабинеттерді және басқа да параметрлерді ескере отырып, сабақ кестесін санаулы минут ішінде автоматты түрде құрастырады. Мобайл қосымшаcы арқылы мұғалімдерге сабақ кестесі, сабаққа қатысу, үй тапсырмасы сияқты оқу процесіне қажетті өзге де пайдалы модульдер қолжетімді. Ал білім сапасының аналитикасының құралы ЖИ арқылы көрсеткіштерді автоматты түрде талдап, мәселелерді анықтайды және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды.

«Заманауи мектептерге тек цифрлық құралдар емес, нақты міндеттерді шешетін жүйелі шешімдер қажет. Біздің өнімдер мұғалімдерді есеп беру мен жоспар құру сияқты күнделікті жұмыстан босатып, басты назарды балаларға сапалы білім мен жақсы тәрбие беруге аударуға мүмкіндік береді. Ал Bilim Group өнімдерінің жаңа мүмкіндіктері процестерді автоматтандыруға, оқыту процесін даралауға және деректерге сүйене отырып басқарушылық шешімдер қабылдауға бағытталған», — деп атап өтті Bilim Group бас директоры Александр Савченко.
Bilim Group экожүйесінің басқа да өнімдерінде жаңа мүмкіндіктер пайда болды. OnlineMektep қашықтан оқыту платформасында ЖИ көмегімен есептерді автоматты түрде қалыптастыру және оқу материалдарын әзірлеу құралдары қолжетімді болады. Ал мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған BilimUstaz сервисінде жеке білім беру бағдары мен жаңа пәндік курстар іске қосылған.
BilimCenter функционалдық сауатты дамыту платформасы ЖИ әдіскерді, оқушылардың қатемен жеке жұмыс істеуіне арналған видеоұсыныстарды және толық жауапты талап ететін тапсырмаларды автоматты түрде бағалау жүйесін ұсынды. Мектеп оқушыларында да жеке цифрлық тәлімгер пайда болды: OnlineMektep-те ол балаларға тақырыпты өздігінен меңгеруге көмектеседі — жетелеуші сұрақтар қойып, тапсырманың шешіміне қадам-қадаммен бағыттап отырады.
Мектептер мен педагогтерге арналған сервистерден бөлек, Bilim Group Тамыз конференциясында KITAP цифрлық кітапханасының, мектепке дейінгі білім беруге арналған BilimKids және Balabaqsha платформаларының жаңартылған нұсқаларын, сондай-ақ білімнің қолжетімділігін арттыруға, оқытуды даралауға және ЖИ мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған басқа да жобаларды ұсынды.





