Білім 74 қаралымabaidan.kz

Абай облысында SKILLUP жобасы қорытындыланды: 200 жас жасанды интеллект бағытында білім алды

Абай облысында SKILLUP жобасы қорытындыланды: 200 жас жасанды интеллект бағытында білім алды

16 қазан күні Семей қаласында жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған SKILLUP жобасының қорытынды семинары өтті. Шараға арнайы Астана қаласынан шақырылған IT-аналитик, IT-ағартушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Тимур Бектұр оқыту өткізді.

Абай облысында SKILLUP жобасы қорытындыланды: 200 жас жасанды интеллект бағытында білім алды

«Жасанды интеллектті игерудің келесі кезеңі: прототиптен нақты өнімге дейін» тақырыбындағы семинарда қатысушылар Vibe Coding технологиясы арқылы цифрлық өнім әзірлеу, прототипті дайын өнімге айналдыру және оны монетизациялау жолдарын меңгерді. Сонымен қатар жастар жоба барысында әзірлеген цифрлық өнімдерін таныстырып, спикерден кәсіби кері байланыс алды.Абай облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысымен қыркүйек айында басталған SKILLUP жобасы аясында төрт офлайн және ZOOM платформасында бір онлайн сабақ ұйымдастырылып, бір ай көлемінде жалпы саны  200 жас қамтылды. Оқыту сабақтарын Алматы қаласынан шақырылған контент-продюсер Қуаныш Омар, Семей қаласындағы Astana Hub филиалының басшысы Әнет Тұрсынжан, IT саласының халықаралық сарапшысы Асхат Мұқанов және IT-аналитик Тимур Бектұр жүргізді. Жоба барысында қатысушылар жасанды интеллект, цифрлық контент әзірлеу, заманауи технологияларды қолдану және IT өнімдер жасау бағыттары бойынша тәжірибелік білім алды.

Қорытынды семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Абай облысында SKILLUP жобасы қорытындыланды: 200 жас жасанды интеллект бағытында білім алды

SKILLUP жобасының басты мақсаты – жастардың жаңа технологияларды меңгеруіне, заманауи мамандықтарға бейімделуіне және цифрлық өнімдер арқылы жаңа экономикалық мүмкіндіктерді игеруіне жағдай жасау.