Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде

Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде "Севоран"анестезиясын қолдануды енгізді

Өңірде ведомстволық бағынысты 306 денсаулық сақтау субъектісі медициналық көмек көрсетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабаев баяндады.

- Облыс бойынша 3 581 стационарлық төсек-орын бар. Олардың ішінде 3 092 мемлекеттік болса, 489 мемлекеттік емес мекемелерде орналастырылған. Бүгінде облыстағы медициналық ұйымдарда 9 500 білікті маман қызмет атқарады. Осыған орай біз психоневрологиялық аурулары бар балалардың стоматологиялық ауруларын  емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгіздік. Сондай-ақ, былтырғы жылы 21 бала 22 082 219,68 теңге сомасына арнайы тамақпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілді, - деп атап өтті басқарма басшысы.

6 ай ішінде өңір бойынша барлығы 4475 бала дүниеге келген. Былтырғымен  салыстырғанда көрсеткіш 296 балаға азайған.

- Балалар өлімінің деңгейі бойынша жағдайды жақсарту үшін денсаулық сақтау басқармасы олардың  алдын алу, аурушаңдықты, мүгедектікті және өлім-жітімді төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, жыл басынан бері 1 603 034 мың теңге сомасына 131 бірлік техника сатып алынды, - деді спикер.

Ауылдық жерлер мен  елді мекендерде  халыққа медициналық қызмет көрсетудің  қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыста 9 көмек көрсету орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, 6 айдың қорытындысы бойынша жылжымалы мобильді кешендердің қызметімен қамтылған халық саны – 22 668 адамды құраған.

- Абай облысында «Ауылды аймақтарда денсаулық сақтауды жаңғырту " Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2024 жылдарға 65 жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салу жоспарланған. Оның шініде 15 - дәрігерлік амбулатория, 10 - фельдшерлік-акушерлік пункт, 40 - медициналық пункттері салныбақ. Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде, оларды пайдалану ағымдағы жылдың соңына дейін табысталмақ, - деп қорытындылады Талғат Молдабаев.


#Денсаулық, #Абай облысы