Жамбыл облысының 10 дәрігері шетелде оқытылады

Жамбыл облысының 10 дәрігері шетелде оқытылады

Жамбыл облысында медициналық қызметкерлердің біліктілігін, қызмет сапасын арттыру үшін 1236 маманды оқытуға 27,5 миллион теңге, 10 дәрігерді шетелде оқытуға 5,2 миллион теңге жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының 10 дәрігері шетелде оқытылады

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Ал, салаға келген 67 маманды қолдау шараларына 53,6 миллион теңге бөлініп, әр маманға 800 мың теңгеден көтермеақы төлеу қарастырылған.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтуға 3,5 милиард теңге қаралды. Оның ішінде орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 638,8 миллион теңге, целиакия ауруы диагнозы қойылған балалардың глютенсіз тамақтануы үшін өнімдерін сатып алуға 19,5 миллион теңге бағытталды. Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз етуге 36,5 миллион теңге қаралды», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл ауруханаларына 20 реанимобиль мен 20 санитарлық автокөлік алынатынын жазған болатынбыз.


#Денсаулық, #Дәрігер