Абай облысында қоршаған ортаны қорғау шаралары жүзеге асырылуда

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау шаралары жүзеге асырылуда

Ағымдағы жылы  қоршаған ортаны қорғауға 399 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Аймақта қатты отынмен жылытатын жеке сектордан басқа атмосфералық ауаны ластайтын бірнеше кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте  Абай облысы экология департаментініің басшысы Серік Сарбасов баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz.

Спикердің айтуынша, Семейдегі қоршаған ортаны ластайтын ірі кәсіпорындарға "Семей цемент зауыты " ӨК "ЖШС,  "Семей қаласының Теплокоммунэнерго" МКК, "Силикат" ЖШС жатады. Сонымен қатар, Серік Сарбасов кәсіпорындарда сүзгілер мен шаң жинағыштардың сапасы мен саны үнемі жақсарып отыратынын айтты.  

-  "Теплокоммунэнерго" МКК негізгі қызметі Семей қаласын жылумен жабдықтау болып табылады. Осыған байланысты қала аумағында 18 өндірістік алаң бар, оның ішінде: сол жағалаудағы 2 қазандық және оң жағалаудағы 16 қазандық көмір отынымен жұмыс істейді. "Теплокоммунэнерго" МКК пайдалануындағы қазандықтардың шығарындылары Семей қаласының стационарлық көздері шығарындыларының жалпы көлемінің 41% - дан астамын құрайды. Қаланың қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесін оңтайландыру және экологиялық жағдайды жақсарту үшін жаңа жылу көзінен 3 құрылыс дайындалуда, - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, "Габбасова" және "Центр" қазандықтарын қайта жаңарту аяқталғаннан кейін шаң мен күл шығарындыларының деңгейі төмендемек.

- Семейдегі бірнеше кәсіпорында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығы негізінде эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл жүйелер "Семей цемент зауыты "ӨК " ЖШС, "Теплокоммунэнерго" МКК, "Семей Водоканал" МКК, "Востокэнерго" ЖШС және SHARCEM ЖШС-де жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, онлайн режимде ақпарат бере отырып, Ертіске су ағызу нүктесінде мониторинг жүйесін орнату көзделген, - деп қорытындылады департамент басшысы.


#Экология, #Абай облысы