Семей қаласы «Жер сағаты» халықаралық акциясына қатысты
28 наурыз күні халықаралық «Жер сағаты» акциясы өтті. Астана уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бір сағатқа жарықтар өшірілді. Бұл бүкіл ел бойынша табиғатты ұқыпты пайдалану мәселелеріне назар аударуға бағытталған халықаралық бастама. Биыл акцияның тақырыбы экотуризмді дамытуға арналды. Дәстүр бойынша, ғимараттар мен нысандардың сыртқы жарықтандыруы өшіріліп, тұрғындар табиғи ресурстарды сақтау идеясын Семей тұрғындары қолдады. Жыл сайын бұл акцияға әлемнің 180 елінен 2 миллиардтан астам адам және 7000-нан астам қала қатысады. Биыл акция әлемде 19-рет, ал Қазақстанда 17-рет өткізіледі.