Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Экономика 226 қаралымabaidan.kz

Қазақстан мен Ресей бірлескен 70 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр

Қазақстан мен Ресей бірлескен 70 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр

Ортақ бастамалар қос елдің арасындағы жан-жақты байланысты күшейтеді. Бұл жөнінде Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен ресми кездесуінде мәлімдеді.

– Үкіметаралық, ведомствоаралық және коммерциялық келісімдердің ауқымды пакеті дайындалды. Олар экономика мен энергетикадан бастап мәдени-гуманитарлық жобаларға дейін барлық саланы қамтиды. Мұның бәрі өзара әріптестікті нығайтады. Ресей – Қазақстанның ең басты сауда серіктестерінің бірі. 2025 жылы тауар айналымы айтарлықтай өсті. Бірлескен 70 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, – деді ол.

Сонымен қатар, Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық байланыс жөніндегі мәлімдемесіне қолдау білдірді.

– Жыл сайын өңіраралық серіктестік форумдары ұйымдастырылады. Өткен жылдың қараша айында Қазақстанда сондай кездесу өтті. Бұл аталған форматтағы 21-ші жиын болатын. Келесі форум да жемісті болатынына күмән келтірмейміз. Сіз айтқандай, алдағы форум 20 тамызда Омбыда өтеді, – деді Владимир Путин.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-men-resey-brlesken-70-investitsiyalik-zhobani-zhuzege-asirip-zhatir-f5449157