Облыстағы инвестициялық жобалар пулы 2 трлн. теңгені құрайды

Облыстағы инвестициялық жобалар пулы 2 трлн. теңгені құрайды

Жобалардың ішінде өндіріс қана емес, қызмет көрсету саласы да бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов мәлімдеді6-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірдегі өндіріс бір орында тұрып қалмай, кезең-кезеңімен дамып келеді.

- Ағымдағы жылдың басында біз өңіріміздегі инвестициялық жобаларды жаңарттық, бүгінде пулымыз 2 трлн. теңгені көлеміндегі 22 жобаны құрайды. Айта кету керек, Семейде Қызыл Кордон ауданында жаңа қонақ үй салынды, бұл қызмет көрсету саласы. Қонақ үйлерді жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ облыста 6 миллиард теңгеге өндірісті жаңғыртып, қосымша құрал-жабдықтар сатып алған «Қазполиграф» ЖШС жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жоба енгізілсе, жыл соңына дейін тағы 4 жобаны енгізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ облыста еліміздегі ірі резеңке экспорттаушылардың бірі -  «Эйкос» ЖШС жұмыс істейді», - деді спикер.

Сонымен қатар, Абай облысы бойынша бірыңғай Индустрияландыру картасына 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 1,3 трлн. теңгеге 20 жоба енгізілді. Бұдан басқа, өңір бойынша қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүзеге асыратын 229-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы жер қойнауын пайдаланушылардан түскен салық түсімдері 18,5 млрд теңгені құрады; 2024 жылғы қаңтар-сәуір айларында – 12,2 млрд теңге.

- Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 трлн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,1% - ға артық. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 305,1 млрд. теңгені құрады, тау-кен өнеркәсібінің көлемі де серпінді түрде артып, 751 млрд. теңгені құрады, - деп атап өтті Рүстем Ворошилов.


#Абай облысы, #экономика