Шалғайдағы шаруа қожалықтар электр желісіне қосылады

Шалғайдағы шаруа қожалықтар электр желісіне қосылады

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында Абай ауданында шаруа қожалықтарын электр желісіне қосу мақсатында төрт жоба жүзеге асырылып жатыр,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Бүгінде «Береке», «Боқай», «Сәулет», «Амангелді» шаруа қожалықтарында мал басы жеткілікті болса да, электр қуатынсыз жұмыс істеуге мәжбүр.

Жобаға сәйкес электр қуатымен тарту арқыьы шаруаларды сумен қамтамасыз етуге, мал басын көбейтуге, ет және сүт өнімдерін өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ сүтке арналған жабдықты пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаға сәйкес шаруа қожалықтары үшін 10 кВ электрмен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 93,9 шақырымды құрайды.


#Абай облысы