Жанармай бағасы тағы өсе ме?

Жанармай бағасы тағы өсе ме?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мораторий мерзімі аяқталғаннан кейін жанармай бағасына қатысты нақты болжам жасау мүмкін емес екенін айтты,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сілтеме жасап. Оның сөзінше, 31 наурызға дейін баға өсіміне тыйым салынған, ал одан кейінгі жағдай нарықтық тетіктерге байланысты қалыптасады.

Министр мораторий енгізілген кезде үкімет бағаның өсуін әкімшілік жолмен уақытша тоқтатқанын атап өтті. Егер мемлекет жанармай нарығына араласудан бас тартса, баға ішкі сұраныс пен ұсынысқа сай өзгереді.

Сонымен қатар Ақкенжанов министрліктің жанармай бағасын жоспарлы түрде көтеруді көздемейтінін жеткізді. Дегенмен ол бағаның күрт қымбаттауына жол берілмейтінін баса айтты.


#экономика, #жанар май