Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қаржы 66 қаралымabaidan.kz

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген азамат декларация тапсырса, қазір декларация ұсынатын адамдар санаты нақты белгіленген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Айнаш Мусаинова мәлімдеді.

Айнаш Мусаинованың айтуынша, қазір 270.00 декларациясын азаматтардың барлығы емес, заңда белгіленген нақты санаттағы270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды тұлғалар тапсырады.

— Декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, инвестициялық портфельді басқаратын банктер мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары мен кәсіби медиаторлар тапсырады, — деді Айнаш Мусаинова.

Сонымен қатар 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шетелде мүлкі, цифрлық активтері немесе шетелдік банктердегі шоттарында жиынтық сомасы 3 932 000 теңгеден асатын қаражаты бар азаматтар да декларация ұсынуы тиіс.

Декларация тапсыру міндеті дербес салық салынатын табыс алған және былтырғы жылы Қазақстанда немесе шетелде жалпы құны 78 640 000 теңгеден асатын мүлік сатып алған тұлғаларға да қатысты.

— Азаматтар декларация тапсыру міндеттемесінің бар-жоғын алдын ала тексеруі қажет. Ол үшін шетелде мүліктің, цифрлық активтердің немесе шетелдік банктерде белгіленген шектен асатын қаражаттың бар-жоғын, сондай-ақ дербес салық салынатын табыс пен ірі сатып алулардың болған-болмағанын анықтау керек, — деп атап өтті спикер.

Кірістер мен мүлік туралы декларация 15 қыркүйектен кешіктірілмей тапсырылуы қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», eGov порталы, «E-Salyq Azamat», eGov mobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде ұсынуға болады. Қағаз нұсқасын да тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына немесе пошта арқылы жолдауға мүмкіндік бар.